Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Сарыағаштық тергеушілер банкке 20 миллион теңге шығын келтірген күдіктінің ісі бойынша тергеу жүргізуде

Сарыағаштық тергеушілер банкке 20 миллион теңге шығын келтірген күдіктінің ісі бойынша тергеу жүргізуде

Сарыағаш АПБ-ға банк өкілінің бірі арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 20 миллион теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Осындай жолмен алаяқтық жасағандарды ұстау үшін арнайы топ құрылды. Сондай-ақ бұл қылмысты ашуға тергеушілердің кәсіби шеберлігі өз септігін тигізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт анықталды.
Белгілі болғандай, күдікті банк қосымшасы арқылы тауар сатып-сатып алу операцияларын жасаймын деп, 1 ай ішінде 20 миллион қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*