Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысының полицейлері мейрамханаға ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері мейрамханаға ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның аудан орталығында орналасқан кафесіне ұрлыққа түскен. Яғни күдікті кафеде тұрған 100 мың теңге ақша, құны 60 мың теңге тұратын сиыр еті мен 2 дана спирттік ішімдікті жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын 170 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Төлеби АПБ-ның полицейлері ұрлыққа түскен ұрыны анықтау мақсатында оқиға орнын тексеріп, куәлардан жауап алды. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын ер адам болып шықты.
Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта аталған мейрамханаға өзіне қажетті заттарды алу үшін кіріп, қолына ілінген оңай олжаны жымқырып, ізін суытқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камерасын орнатуға кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*