Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Линда» атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады

«Линда» атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті.
Онда «Линда» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан «Opel Agila» маркалы автокөлікті көріп, үріп белгі береді.
Содан полицейлер күдік тудырған көлікті байқап, бірден тоқтатып тексереді. Нәтижесінде автокөлік капотының ішінен қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылады. Ол көлік жүргізушісіне тиесілі зат болып шықты. Сараптама оның «гашиш» есірткісі екенін растады.
Сондай-ақ орта жастағы азаматтың Қырғызстан елінің тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*