Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер қолма-қол несие алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ әйелді анықтады

Полицейлер қолма-қол несие алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ әйелді анықтады

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғынның арызы келіп түскен. Онда жәбірленуші ер адам, танысының қолма-қол несие шығарып беремін деген сөзіне сеніп, соңында алданып қалғанын жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Күдіктіні анықтау мақсатында, созақтық қырағы полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, әрекетке көшті. Нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жұмыссыз әйел, жергілікі тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, сезікті әйел жәбірленушінің атынан қолма-қол несие шығарып, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деген жалған ақпарат берген. Содан арадан 1 ай уақыт өткенде жәбірленушіге банк тарапынан несиеңізді төлеңіз деген хабарлама келеді. Ал күдікті әйел алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойындарға жұмсап жіберген.
Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа тағы бір тұрғынның атынан несие шығарғаны анықталды. Жәбірленушілерге келген шығын 500 мың теңге. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*