Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістан облысының тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды

Түркістан облысының тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды

Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында акция өткізілуде.
Осы ретте Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі полицейлері ҚР-ның жеке куәлігімен құжаттанбаған құжатсыз азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.
Нәтижесінде төлебилік полицейлер отбасылық жағдайына немесе басқа да себептерге байланысты жеке басын анықтайтын төлқұжатын ала алмай жүрген тұрғынды анықтап, оған заңға сәйкес қызмет көрсетті. Яғни 1965 жылы туылған Фазлиддин Таштемиров есімді азамат осы уақытқа дейін отбасындағы кейбір себептерге байланысты төлқұжатсыз жүрген.
Бұл бойынша тәртіп сақшылары Фазлиддиннің мұрағаттағы іс құжаттарын толықтай жинады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға ҚР-ның азаматы екенін анықтайтын төлқұжатын табыстады. Көші-қон қызметкерлерінің жеделділігіне риза болған азамат өз алғысын айтты: «Мен Фазлиддин, Төлеби ауданының тұрғынымын. ҚР-ның азаматы екенімді анықтайтын төлқұжатты белгілі бір себептермен ала алмаған едім. Алайда көші-қон полицейлері менің алғашқы төлқұжатымды жасап берді. Көші қон полицейлеріне алғысымды айтамын. Үлкен рақмет!»

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*