Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Полицейлер алаяқтыққа қатысы бар Сайрам ауданының тұрғынын анықтады

Полицейлер алаяқтыққа қатысы бар Сайрам ауданының тұрғынын анықтады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу ватсап желісі арқылы тұрмысқа қажетті тауарларды арзан бағада, яғни 20 дана кілем мен 2 дана кір жуғыш машинасын әкеліп беремін деп ақша алған.
Алайда ақшаны қалтасына басқан күдікті хабарсыз кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел іске кірісті.
Тәртіп сақшылары жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды анықтады. Ол жұмыссыз, Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.
Анықталғандай, күдікті өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды интернет арқылы алдап, алған ақшаны бас пайдасына жаратқан. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтармай жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бұл ретте әрине жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында, полицияның көмегіне жүгінді.
Бүгінде анықталған орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да жайтқа қатысы бар жоғы анықталуда.
Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*