Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу туралы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу туралы жиын өтті

Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және іс-шара жоспары бойынша жұмыстар жүргізу туралы мәжіліс хаттамасы.
Мәжілісті бөлім басшысы Н.Біләлбеков жүргізіп, күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңы және мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңадан енгізілген реформалар туралы айтып өтті.
— 2022 жылғы бюджеттен бөлінген қаржыларды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануын;
— Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу бағытында жүйелі бекітілген іс-шара жасау;
— Қала аумағында орын алып отырған қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдайтынын, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауына жол бермеуге;
— Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау, алдын алумақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іс жүзінде атқаруды,
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын, мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлық алуға және беруге толық тыйым салынатындығын және басшылардың жақын туыстары олардың тікелей бағынысында болуға және бағыныста болуға тыйым салынатындығын айтып өтті.
Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша келесі тапсырмалар қаралды.
— Бөлім қызметкерлері арасында жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынас мәдениеті мен сыбайластық қылмыстар жауапкершілігі қаралатындығы туралы ескертемін.
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуды насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізілсін.
— Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және жолын кесу бағытында жиналыстар өткізіп тұру , бағалау жүргізіліп, тәуекелі жоғары мамандарды анықтап, алдын алу шараларын жасау.
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты ішкі талдау жүргізу.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарын және әдеп нормаларын үнемі бақылауда ұстау.
— Бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз жарияланымдар жасалсын.
Мәжіліске төрағалық етуші Н.Біләлбеков күн тәртібіндегі «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша тапсырмаларды басшылыққа алып, қатаң орындауға тапсырма беріп мәжіліс отырысын қорытындылады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*