Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Әділбеков мекеме қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізді.
Күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың туындауына себептерді болдырмау және алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Бөлім басшысы жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселеге тоқталып, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, «ҚР-сы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарын түсіндіру мақсатында құқықтық оқу сабағын өткізді. Қазіргі қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын жеткізді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтауды, сыбайлас жемқорлық бойынша Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстерінде көзделген жауапкершілік түрлері мен аймақтарда туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер мәселелері жөнінде кеңінен айтып өтті.
Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес, әрбір қызметкер өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өз құзіреттері шегінде осы аталған заңның талаптарын орындауы тиіс екендігі түсіндірілді. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда өте қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, бұл әсіресе әлеуметтік салада ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Сол себепті, халыққа түсіндіру, құжаттар қабылдау барысында заң талаптарын қатаң басшылыққа алу керек екендігін, мысалы: АХАЖ бөліміне, әлеуметтік көмек секторына, жұмыспен қамту секторына, орталыққа келген азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, заңға сәйкес түсіндіру қажет екендігін ескертті.
Жиынды түйіндеген Ә.Әділбеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет басшысы саясатының басты бағыттарының бірі. Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген реформалар жарияланды. Сондықтан әрбіріңіз ұжымда жемқорлықтың алдын-алу бойынша пәрменді шаралар қабылдауларыңыз қажет», деп айтып өтті. Жиын соңында бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа байланысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*