Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша кеңейтілген жиын өтті

Жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша кеңейтілген жиын өтті

Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Әділбеков, адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ә.Момбеков, Арыс қаласының спорт және мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Нарбеков, «Халықты жұмыспен қамту орталығы » КММ-сі директорының м.а Е.Медетбеков, «Асыл жүрек» КММ-сі директоры Е.Ыскаков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері, «Халықты жұмыспен қамту орталығы » КММ-сі мамандары, консультант және ассистенттері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе: — «Мемлекеттік қызмет түрлерін алушы азаматтармен жұмыс жүргізу барысында ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңының талаптарын және ондағы шектеулерді сақтаумен жұмыс барысында әдептілікті сақтау туралы».
Жиынға төрағалық етуші қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев жиынды ашық деп жариялап күн тәртібіндегі мәселеге тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түрлі шаралар қолданылып жатқанын түсіндірді.
Солардың бірі ретінде еліміздің қылмыстық заңнамасына еңгізілген соңғы өзгертулерді түсіндірді. Атап айтқанда, қылмыстық заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы баптарына еңгізілген өзгерістер, яғни аталған баптардағы жауапкершіліктің күшейтілгендігін түсіндірді. Сонымен бірге, қызмет көрсету барысында жеке тұлғалардың өтініштеріне жауап беру, мерзімін қадағалау қажет. Жеке тұлғалардың өтініштерінің мерзімі бұзылып жауап берілген жағдайда, яғни аталған жеке тұлға жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымданар болса, мәселенің соңы күн тәртібіндегі көтеріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа алып келетіндігіне, келіп түскен өтініштерді дереу кіріске алып мерзіміне мұқият болуды тапсырды
Жиын төрағасы күн тәртібіндегі келесі мәселе, яғни әдептілік бойынша тоқталып өтті. Мемлекеттік мекемелердің қызметін алушы азаматтармен жұмыс жүргізу барысында әрбір қызметкер әдептілік танытуға тиісті екендігін, өзіне қойылған сұрақтарға сыпайы түрде жауап беру қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ, жиын төрағасы күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты түсіндіру мақсатында бөлімде, «Асыл жүрек» КММ-де, орталықта «ҚР-сы Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы» аясында өткізілетін іс шаралар барысында да, күн тәртібіндегі қаралып отырған заң талаптарын сақтау қажеттігін қатаң түрде ескертіп өтті.
Жиын соңында бөлім қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға, заң аясында тиісті жауаптар беріліп, пікір алмасулар өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*