Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Қарқынды жұмыс жүргізілуде

Қарқынды жұмыс жүргізілуде

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтарына қатысты 20.05.2019 жылы өткізген кеңейтілген жиналыс барысында қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілікке тартылу мәселесін ерекше атап өткені баршамызға мәлім.
Сондықтан осы кеңейтілген мәжілісте көтерілген өзекті мәселені түпкілікті шешу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.
Осыған орай Арыс қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры міндетін атқарушы Е.Медетбековтың төрағалығымен өткен орталықтың үлкен залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңын түсіндіру және сыбайластықтың алдын алу бойынша мәжіліс болып өтті.
Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*