Жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Анашбеков «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын» талқылау мақсатында экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.
Жиында сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы тұру, мемлекеттік сатып алудағы ашықтық және мүдделер қақтығысы туралы қысқаша мәлімет берілді.
Ағымдағы жылдың 14 сәуірдегі бекітілген мемлекеттік аппаратың қызметін бюрократиядан арылтыру жөніндегі шаралар туралы Мемлекет басшысының Жарлығы түсіндірілді.