Бөлім басшысы Ә.Әділбековтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мекеме қызметкерлері арасында жиналыс өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы Ә.Әділбеков қызметкерлер арасында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және кемшіліктерге жол бермеу әрбір азаматтың басты міндеті болып табылатынын айтып өтіп, ҚР-ң 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету — бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Жалпы қазіргі кезде қызмет алушының уақытын үнемдеу, қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтерді көбейтіп, кейбір мемлекеттік қызметтерді азайту бойынша жұмыстар күшейтілген.
Сонымен қатар, бөлім басшысы Ә.Әділбеков мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет сапасын арттыруға басты назар аударып, қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында артық құжат талап ету, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімін бұзу, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту секілді көрсетілетілетін қызметтер заң бұзушылықтарға алып келетінін және оған жол бермеу керек екенін түсіндіріп, бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартуға алып келетінін түсіндірді.
Жиынды түйіндеген Ә.Әділбеков, әрбіріміз ұжымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және кемшіліктерге жол бермеу керек екенін айтып, жиын соңында бөлім қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.