Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТКЕ ТҮРКИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

ШЫМКЕНТКЕ ТҮРКИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Үшінші мегаполис атанғалы бері Шымкентке көптеген шетелдік инвесторлар, кәсіпкерлердің қызығушылық білдіріп отырғаны белгілі. Осы орайда бүгін Шымкент қаласына Түркия Республикасының іскерлік топ өкілдері келді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков Түркия Республикасының іскерлік топ өкілдерімен кездесті.
Кездесуге «Yapiray» компаниясының бас директоры Тарык Кынжал мен жетекшілері, сәулетші және дизайнерлері қатысты.
Тараптар екі жақты ынтымақтастық аясында қарым — қатынасты одан әрі кеңейту жайлы пікір алмасты. Қонақтар өз тараптарынан Шымкент қаласына қызығушылықтарын білдіре отырып, «Yapiray» компаниясының жетістіктері мен әлеуетті жобаларымен таныстырды. Шойын жол және трамвай құрылысы жұмыстарына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков аталған жоба Шымкентке толығымен ыңғайлы, экономикаға сәйкес болған жағдайда, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қажетті қолдау көрсетілетіндігін білдірді. Әзірге тиісті басқарма басшыларына ұсынысты жан-жақты зерттеп — зерделеу мақсатында нақты тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*