Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет

Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз-бұл қызмет өкілеттігін теріс немесе асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу,сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.т.б.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз, қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті, кез-келген қызметкерлер өздерінің отбасыларында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатындығы анық.
Қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресте халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда жемқорлыққа қарсы пікір мен қоғамдық сананы қалыптастыруымыз керек. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өз нәтижесін бере бастайды. Сол себептен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – баршамыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Шериаздан Сейтжанов,
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясының басшысы

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*