Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері туралы семинар кеңес өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері туралы семинар кеңес өткізілді

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Аманат» партиясының мәжіліс залында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысы Ш.Сейтжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері туралы семинар кеңес өткізілді.
Жиналысқа қатысқандар, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ұ.Жүрімбетова, аудандық «Amanat» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Д.Асабаев және аудандық мәслихат депутаты М.Әжіқабылов, партия қызметкерлері және Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік қызметкерлері.
Жиналыс төрағасы Ш.Сейтжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлықты жоюда әрбір мемлекеттік қызметшіге үлкен жауапкершілік жүктелгенін, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, мемлекеттік қызмет атқару барысында және қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануды әрдайым назарда ұстауы қажет екендігіне, мемлекеттік қызметші өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті,ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс екендігіне тоқталып және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болатынын және Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ай сайын дөңгелек столдар, жалпынама құқықтық оқу бойынша жиналыстар өткізіліп және аудандық БАҚ-да мақалалар жариялағандығына тоқталып өтті.
Келесі сөз алған аудандық «Amanat» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Д.Асабаев мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (бұдан әрі-Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделетіні туралы айтып өтті.
Семинарға қатысушылар қозғалған мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың халық арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік мәдениетті қалыптастырғанда ғана нәтиже береді деген қорытындыға келді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*