Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Мал ұрлығына тосқауыл ісшаралары туралы жиын өтті

Мал ұрлығына тосқауыл ісшаралары туралы жиын өтті

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребековтің төрағалығымен, «Мал ұрлығына тосқауыл» және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру іс-шаралары туралы жиналыс өткізілді.
Жиналысқа қатысқандар, Мақтаарал АПБ басшысының орынбасары полиция подполковнигі Ш.Саруар, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысы Ш.Сейтжанов, Мақтаарал аудандық «Ветеринарлық қызметі» филиалының басшысы О.Нурашов, кент және ауыл округтерінің әкімдерімен кенттермен ауыл округтерінің учаскелік полиция қызметкерлері.
Жиналыс төрағасы аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков жиналыстың күн тәртібіндегі ағымдағы жылда аудан аумағындағы атқарылып жатқан «Мал ұрлығына тосқауыл» және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шаралары туралы жиынды ашып,бірінші сөздің кезегін аудандық полиция басшысының орынбасары полиция подполковнигі Ш.Саруардың мал ұрлығына тосқауыл рейдтік іс-шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасын тыңдауға берді.
Мақтаарал АПБ-нің басшысының орынбасары полиция подполковнигі Ш.Саруардың аудан аумағындағы «Мал ұрлығына тосқауыл» рейдтік іс-шаралары бойынша ағымдағы жылға атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамасымен таныстырып, рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында аудан аумағындағы мал ұстайтын жеке және заңды тұлғалар арасында ауыл шаруашылық жануарларын тасмалдау барысында сырғаланбаған, таңбаланбаған ешқандай ветеринариялық анықтамасыз (құжатсыз) тасмалданып жатқан ауыл шаруашылығы жануарлары жиі орын алып жатқандығын және жеке үйлерінде мал ұстайтын аудан тұрғындары арасында малдарды кенттермен ауыл округтерінің елді мекендерінің көшелерінде,үлкен жолдардың (трасса) бойларында иесіз қараусыз бос жүретіндігі туралы айтып өтті.
Келесі сөзді алған: ҚР АШМ ВБжҚК-нің Мақтааарал аудандық аумақтық инспекция басшысы Ш.Сейтжанов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/68 бұйрығына сәйкес және ҚР АШМ «Ветеринария туралы» заңының 25-бабының 5 тармағында жеке және заңды тұлғалар (мал иелері) меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге (сырғалау,таңбалау,чиптеу т.б) міндетті делінген.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті жердегі ветеринариялық ұйымға белгіленген нысанда өтініш қағаз түрінде не болмаса «электронды үкімет» порталы арқылы арқылы (сырғалау,таңбалау,чиптеу, т.б.) жұмыстары жүргізілетіндігі айтылды.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі тарапынан ағымдағы жылы «Жасыл дәліз-3» жобасын іске қоылғандығын және осындай беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланып, бүгінгі таңға дейін әртүрлі себептермен осы уақытқа дейін бірдейлендірілмей қалған не болмаса сырғалары түсіп қалған ересек малдарғада ағымдағы жылдың 01 ақпаны мен 31 мамыр аралығында бірдейлендіруге болатындығын атап айтып өтті.
АШБ дерекқор базасына бірдейлендіріліп (сырғаланып) тіркеуге алынғаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға қарсы атқарылатын ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық іс-шаралары тегін жүргізіледі
Осындай берілген мүмкіндікті тиімді әрі уақытылы пайдаланып,сондай-ақ алдағы уақытта кент,ауыл округтерінің әкімдерімен «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның Мақтаарал ауданындағы филиалының аудандағы, кенттермен ауылдық округтеріне бекітілген ветеринарлық пункттерінің меңгерушілеремен, ветеринариялық дәрігерлері бірлесе отырып, кенттермен ауыл округтеріндегі шаруашылық кітаптарына (хоз.книга) есепке алынбаған малдарды есепке алып,бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау,чиптеу т.б ) жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*