Жетісай қаласы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың өткен мерзімінде қабылданған нормативтік және өзге де құқықтық (шешімдер) актілердің заңдылығына бағалау жүргізіліп, заң бұзушылық фактілері анықталды.
Атап айтқанда, Жетісай қаласы әкімінің 31.03.2022ж. №71 шешімімен Абылайұлы Бөгенбайға Жетісай қаласы, Нарбаев көшесі №61 А мекенжайда орналасқан «Темір бетон кешені үшін» уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскесінің кадастрлық №19-303-002-446, жалпы ауданы 1,0760 га жер учаскесі 3 803 660,0 теңгеге сатылып берілген.
Аталған шешімнің қабылдануына Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 27.01.2022 жылғы №5194-21-00-4/461 шешімі негіз болған.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 47-бабының 1-тармағына сәйкес жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Аталған 1,0760 га жер учаскесін сатып алған Б.Абылайұлы бүгінгі күнге дейін сату-сатып алу туралы келісім шартты жасаспаған және кадастрлық бағалау құнын айқындау актісі бойынша анықталған сатып алу бағасы 3 803 660,0 теңгені бюджеттiң кiрiсiне төлемеген.
Жер учаскесінің бағасы іріленген Мақтаарал ауданы кезінде жасалып, бекітілген 02.01.2016 жылғы №292 «Жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын айқындау актісімен», яғни 0,7 түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалып, 3 803 660,0 теңгені құраған.
Осыған орай, 1,0760 га жер учаскесі табысталған уақыт, 31.03.2022 жылғы жағдаймен есептеп, кадастрлық бағалау құнын айқындау мақсатында Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне сұрау хат жолданып, жер учаскесінің бағасы 6 520 560,0 теңгені құрайтыны анықталды (15.08.2022ж. №2-12-22-01692). Демек, 6 520 560,0 теңге — 3 803 660,0 теңге // 2 716 900 теңгеге арзан бағада сатылған.
Аудан әкімінің атына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп (22.08.2022ж. №2-12-22-01732), нәтижесінде Жетісай қаласы әкімінің 31.03.2022ж. №71 шешімінің күші жойылып, жер учаскесінің арзан бағаға сатудың алдын алынып, кінәлі 2 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.