Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ҚЫЛМЫСТЫҢ ӨТЕМІ – ЖАЗА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

ҚЫЛМЫСТЫҢ ӨТЕМІ – ЖАЗА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Келес аудандық прокуратурасымен аудандық полиция бөлімі біргелікте алаяқтық қылмысының алдын алу, халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан аумағындағы елді мекендерде болып, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Бүгін осы мақсатта аудан орталығы Абай ауылында, Біртілек, Алпамыс батыр және Ұшқын ауылдық округтерінде қос құрылымдық мекеменің өкілдері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Бүгінгі күні халықтың көпшілігі ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен алданып, алаяқтардың құрбаны болуда. Егер Сіздерге ақшаларыңызды бірнеше есеге көбейтіп беремін десе сенбеңіздер, олар қаржы пирамидасы болуы әбден мүмкін. Әлеуметтік желілер арқылы тауардың алдын-ала ақысын сұрап, азаматтарды сан соқтырып жатқан фактілер өкінішке орай өңірімізде тіркелуде. Мұның бәрі қаржылық, құқықтық сауаттылықтың жетіспеушілігінен орын алуда» — дейді аудан прокурорының орынбасары Шырынбай Надирбаев.
Бүгінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында әрбір елді мекендер бойынша халықпен кездесулер өткізілуі бойынша кесте бекітіліп, кездесулер ұйымдастырылуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*