Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » КЕЛЕСТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУДА

КЕЛЕСТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУДА

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Келес аудандық полиция бөлімінің алдында және азаматтарды қабылдау бөлмесінде Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Қаныбеков, бастықтың бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаппаров, Келес АПБ ӘПБ-нің бастығы полиция майоры А.Қарақұлов және бөлімше басшылары Түркістан облысы ПД-нің нұсқауына сәйкес «Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындарды қабылдады.
Акцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын артыру, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халықтың үніне құлақ асу, олардың өзекті мәселесі, әр бір сұрағына нақты әрі толық жауап беру болып табылады.
Айта кетейік, аталған шара 2022 жылғы қыркүйектің 9-10 күндері аралығында сағат 09:00 – 19:00 өтеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*