Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарында бір уақытта «Халық заңгері» республикалық науқанын өткізу жоспарланған болатын.
Науқан шеңберінде Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, С.Жәштаев көшесі № 96 үй ғимаратында, Мақтаарал ауданы әкімдігінің ашық алаңында және үлкен мәжіліс залында «Халық заңгері» республикалық науқаны ұйымдастырылды.
Іс шараға БАҚ өкілдері, Түркістан облысы адвокаттар алқасының жеке дара адвокаты Абдразаков Буқарбай Әшірханұлы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Мауленов Тұрғанбек Мырзабайұлы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Кобегенова Гулмира Крымқызы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Жолдасов Дінмұхамед Алданиязұлы, Түркістан облысы нотариаттық палатасының жеке дара нотариусы Арыстанов Бердалы Құдайбергенұлы, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Мусрепов Бауыржан Абдіқадырұлының қатысуларында ауылдық округі әкімі аппаратының заңгерлері, ауыл тұрғындарынан қойылған, өзекті мәселелері бойынша ауылшаруашылық жерлерінен туындайтын ортақ үлескерлерді рәсімдеудегі заң шеңберіндегі әуре саңға салынбауға бағыт бағдар беріп, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне қатысты мұрагерлікпен рәсімдеудің жалпы маңызы бар алаңдатқан мәселелеріне кеңінен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.