Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ӨЗ АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ЗАТЫН ӨСІРГЕН АЗАМАТ АНЫҚТАЛҒАН

ӨЗ АУЛАСЫНДА ЕСІРТКІ ЗАТЫН ӨСІРГЕН АЗАМАТ АНЫҚТАЛҒАН

Бұл бойынша қала әкімдігінде «Нашақорлық және есірткі бизнесін алдын алу шаралары» атты тақырыпта өткен брифинг барысында айтылды. Брифингке Кентау қалалық емхананың нарколог маманы А.Смайлова мен қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Б.Янкин қатысты.
Қазіргі қоғамның ең қауіпті дерті нашақорлық екені және бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналатындығы жайында дәрігер баяндап өтті.
Тәртіп қызметкерінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазан аралығында өтіп жатқан «Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шара барысында 13 деректер анықталған. Оның ішінде есірткі бизнесі — 11, теріс қылық — 2 дерек. Ал 2022 жылдың 8 айындағы есірткінің заңсыз айналымына қатысты барлығы — 20 деректер тіркеліп отыр. Былтырғы жылға қарағанда екі есеге өскен. Өз ауласында есірткі затын өсірген тұрғын анықталып, қәзіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатқандығы айтылды.
Сонымен қатар іс-шара шеңберінде ІІМ-гі мен ЕҚІҚБ — ның қызметкерлерімен бірлесіп МИ-Е тікұшағын пайдалана отырып, әуемен барлау шараларын жүргізу жұмыстары өз жалғасын табуда, дейді Б.Янкин.
Брифингте әлеуметтік желілер арқылы және БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Тиісті ұсыныстар талқыланып, өз кезегінде нашақорлық пен есірткі бизнесін алдын алу шаралары пысықталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өткен. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*