Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЛА/АУДАН АРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЛА/АУДАН АРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына атап өткен «ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ, ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ, САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ» тақырыбында Кентау қаласында жиын өтті. Жиынға Түркістан, Сауран, Кентау қалаларының әкім орынбасарлары, адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, құқық орган қызметкерлері қатысты.
Жиында жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдардың өңірлердегі қоғамдық-саяси ахуалына тікелей септігін тигізетін күрделі мәселелері бойынша атқарылған жұмыстардың есептері тыңдалып, талқыланды.
Оның ішінде, әлеуметтік, инфрақұрылым, тұрғын үй, жер мәселесі, білім ұйымдарындағы жағдай және осы секілді бірқатар өзекті мәселелер қамтылды.
Жиын соңында анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта қандай бағыттарда жұмыс атқару керектігі туралы хаттамалық тапсырмалар берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*