Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы!

«Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы!

«Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Түлкібас АПБ ЖПҚ КТІЖ учаскелік полиция инспекторлары «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясын өткізуде. Аталған шараның басты мақсаты – балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғысын пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақатының алдын алу, жолын кесу болып табылады.
Ал бала – басты жолаушы екенін ешкім жоққа шығармайды. Көлік апаты орын алған жағдайда көп жағдайда зардап шегетін де – балалар. Көлік иелері түрлі сылтау тауып, балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын алмайды. Дегенмен, ата-ана үшін бауыр еті баласынан қымбат ештеме жоқ екенін түсіндірген абзал!
Іс-шара барысында Түлкібас АПБ қызметкерлері халық арасында, оның ішінде жүргізушілерге «Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның маңыздылығын жеті түсінген жүргізушілер полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*