Түлкібас ауданында 1 қыркүйек “Білім күніне “ орай, Түлкібас АПБ-нің ЖПҚБ ювеналдық, патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары, оқушыларды дәстүрлі түрде мектептерінің маңдарында қарсы алды. Тәртіп сақшылары таң сәріден жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша үлестірмелер, брошюралар және жадынамалар таратты.
Полицейлердің алдында оқушыларды жол апаттарынан барынша сақтандыру мәселесі тұр. Оқу жылының басталуына ертеден қамданды. Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша тамыз айының соңында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының дайындық кезеңі өткізілді. Қыркүйектің 1-нен еліміз бойынша осындай атаумен республикалық іс-шара бастау алды.
«Балалардың жол-көлік жарақаттарын ескерту ата-аналардың, полицейлер мен педагогтардың ортақ мәселесі»Жолдарда түрлі көліктер көптеп жүреді, жүк көлігінен электр самокаттарына дейін. Балалардың жастайынан барлық Ережелерді қатаң сақтағаны маңызды, жолдарды тек белгіленген жерлерде, бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өту сияқты…».
«Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы 12-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл күндері өңірдегі барлық мектептерде полицейлермен жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар өткізіледі.