Ордабасы ауданының прокуроры мектеп оқушыларымен кезекті кездесу өткізді
«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бүгін Шұбар ауылдық округіндегі Д.Қонаев, Жусансай, Тоқсансай, Ә.Молдағұлова
атындағы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен (100-ге жуық) кездесу өткізді.
Сондай-ақ кездесуге Ордабасы ауданы әкімдігінің, адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары мен мектеп педагогтары қатысты.
Кездесу барысында бала құқығын сақтау, болашақ мамандық таңдау сұрақтары, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды.
Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы видео ролик көрсетілді, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.
Еске салсақ, бұған дейін мұндай кездесу Қажымұқан ауылдық округінде өткізілген болатын.