Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Заңсыз балық аулаудың алдын алу

Заңсыз балық аулаудың алдын алу

 Шардар ауданы аумағында Шардара су қоймасы мен Сырдария өзенінің орналасуына байланысты заңсыз балық аулау фактілері тоқтамауда.
Жыл басынан осы уақытқа дейін Шардара ауданы аймағында орналасқан су айдындары мен өзендерінде заңсыз балық аулау фактісімен алты (6) қылмыстық іс басталып, сот қарауына жолданған.
Шардара аудандық сотымен тоғыз (9) адам заңсыз балық аулағаны үшін кінәлі боп танылып, сот үкімі шыққан.
Құрметті Шардара ауданының тұрғындары мен қонақтары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптарына сай заңсыз балық аулағаны үшін үш жылдан он жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарларыңызға саламыз.
Заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*