Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Құқықтық мәртебені кеңейту

Құқықтық мәртебені кеңейту

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Осы бағытта бүгін, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округінде 2022 жылдың 6 қыркүйегі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңестен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия төрағасы А.Сманов, Сарапхана ауылының ардагерлер қоғамының төрағасы Ш.Досмырза, төбе би Ж.Оразбаев, Сарапхана ауылдық округі әкімі аппаратының бас заңгері Г.Сарымсақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баяндамалар жасады.
Жиын соңында сұрақ-жауап болып, ұсыныстар айтылды. Қорытынды сөзді А.Сманов сөйлеп, жиынға қатысып отырған азаматтарды қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күресті бірге жүргізуге шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*