Бүгін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы «Халықтық кеңсе» ғимаратында «Халық заңгері» жалпы республикалық науқаны өтті. Халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шарада тұрғындардың түйіткілді мәселелеріне байланысты тегін кеңестер берілді. Жалпы кеңес алу үшін ауданның барлық ауылдық округтерінен 50 шақты тұрғындар келді.
Аталған іс-шараға заңгерлер, кәсіби адвокаттар мен нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар, прокурорлар, тергеушілер, әділет органдарының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, оның ішінде ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар қатысты. Акция барысында тұрғындардың басым көпшілігі жер мәселесі бойынша, қалғандары әр түрлі салалар бойынша білікті мамандардан прокурор, полиция қызметкерлері, адвокат, заңгер, сот орындаушылар, медиатор, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік, жер кадастр салалары бойынша кеңестер алды.