Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша құрылған консультациялық кеңесші органының кезекті отырысы болып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовтың төрағалығымен өткен консультациялық кеңесші органының кезекті отырысында 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкері Қ.Сартаевтың пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтармен 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова 2022 жылдың 9 айына пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 2022 жылға аудан әкімінің қаулысымен бекітілген жұмыс берушінің квотаның орындалуы және «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтылған азаматтар туралы хабарлама жасады.
Отырыс соңында аудан әкімі орынбасары Б.Полатов бекітілген квотаның толықтай орындалуын, жұмыс беруші тарапынан орындалмаған жағдайда заң аясында жауаптылықта болатындығын ескертті.