Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Есірткі сатты деген күдікпен түркістандық ұсталды

Есірткі сатты деген күдікпен түркістандық ұсталды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда Түркістан қаласының тұрғыны есірткі затын сатумен айналысып жүргені айтылған. Ақпарат алысымен ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қылмысты ашудағы өзіндік әдістерді қолданып, қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде күдікті ер адам анықталып, ұсталды.
Күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде, оның сарайындағы кір жуғыш машинадан есірткі қолдануға арналған құрылғы, сандығының ішінен 1 дана қағазға оралған және жатын бөлмесіндегі матрас астынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар 2 дана сіріңке қорабы алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат жалпы салмағы 15 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Ол есірткі затын сатумен айналысты деген күдікке ілініп отыр.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің есірткіні сақтау мен өткізудің басқа да деректеріне қатысы бар-жоғын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сонымен қатар тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*