Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҰСЫНУЛАРДЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАРАУ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

ҰСЫНУЛАРДЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАРАУ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды онлайн форматта қарау тәжірибесін жалғастыруда.
Бүгін қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас, қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға аталған басқарманың бас есепшісіне қатысты тіркелген қылмыстық істің мән-жайы жеткізіліп, ұсынуда көрсетілген заңбұзушылықтардың туындауына кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау ұсынылды.
Онлайн кездесуде қатысушыларға бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мен жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті ескертілді.
Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжым арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралар талқыланып, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылғандығы айтылды.
Кездесуде қала әкімдігі тарапынан ашықтықты қамтамасыз ету, жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар баяндалып, Департамент ұсынулары жұмыс барысында ескерілетіні айтылды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*