Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Қылмыстық іздестіру мерекесіне орай футболдан турнир өтті

Қылмыстық іздестіру мерекесіне орай футболдан турнир өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қылмыстық іздестіру қызметіне (криминалдық полиция бөлімі) 104 жыл толуына орай Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» мәдениет спорт кешенінде «Мақтаарал футбол клубының» жаттығу алаңында кіші футболдан турнир өткізілді. Турнирге жалпы Мақтаарал АПБ қызметкерлерінен 6 команда жинақталып, кубокты өзара сарапқа салды.
Тартысқа толы өткен бұл турнирде ұпай саны бойынша кубокты Мақтаарал АПБ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жеңіп алды, 2-ші орын Мақтаарал АПБ криминалдық полиция қызметкерлеріне бұйырса, ал Мақтаарал АПБ Атакент кентінің учаскелік полиция инспекторлары 3-ші орынды қанағат тұтты!
Өз сөзінде Мақтаарал АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ш.Сәруар мырза ғасырлық тарихы бар саланың мемлекет үшін маңыздылығын тілге тиек етіп, қылмыс болған орынға тез жетіп, ширақ қимылдап, құқық бұзушыны жедел тауып жүрген азаматтардың қажырлы еңбегін айрықша атап өтіп, барша Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*