Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Кентау полицейлерімен заңсыз ойынхананың жолы кесілді

Кентау полицейлерімен заңсыз ойынхананың жолы кесілді

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында заңсыз ойынхана бизнесін анықтады.
Нақтырақ айтсақ тәртіп сақшылары, Кентау қаласы көшелерінің бірінен жұмыс жасап тұрған заңсыз ойынхана бизнесін тапты. Полицейлер аталмыш ғимараттан 17 процессор, 20 монитор, 5 телевизор мен өзге де техникаларды тәркіледі. Бүгінде полицейлер осы орынды жалға берушіні анықтап, сол арқылы күдіктіні айқындауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен тіркелді. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар берудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*