Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Қызметтік ит гашиш тасымалдаған күдікті әйелді ұстауға көмектесті

Қызметтік ит гашиш тасымалдаған күдікті әйелді ұстауға көмектесті

Сарыағаш ауданының полицейлеріне, «Белка» есімді қызметтік ит өзімен бірге есірткі заттарын алып өтуге тырысқан Өзбекстан азаматшасын анықтауға көмектесті. Толығырақ айтсақ, «Жібек жолы» бақылау-өткізу пунктінен Сарыағаш АПБ-ға есірткі тасымалдады деген күдікпен әйелдің ұсталғаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, «Белка» атты қызметтік ит шетелдіктің тыйым салынған заттарды алып жүргеніне белгі беріп, тоқтатқан. Жедел уәкілдер тінту кезінде, күдіктінің үстіндегі киімінің жеңінен есірткіге ұқсас заты бар пакетті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі «гашиш» болып шықты.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 286-бабымен «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Егер, сіз де, есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*