Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Мақтааралда «Нашақорлық — ғасыр дерті» дөңгелек үстелі өтті

Мақтааралда «Нашақорлық — ғасыр дерті» дөңгелек үстелі өтті

Жастарды темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған.

Кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері жастармен жұмыс жүргізу мақсатында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел басында кездесу болды.
Іс-шараға қатысушылармен мынадай сұрақтар бойынша пікірлестік:
Маскүнемдерді, нашақорларды емдеуге байланысты қалада (ауылда) қандай мәселелер бар?
Бұл жағдаймен қандай әлеуметтік қызметтер айналысуға тиіс?
Жасөспірімдер алкоголь мен есірткеге құмарлықты жеңуде өз құрдастарына көмектесе ала ма?
Не себептен жасөспірімдерге көмек сұрау және бөгде біреудің көмегін қабылдау қиынға түседі?
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
Жастраға «Есірткі-ғасыр дерті» тақырыбында кітап көрмесі құрылып шолу жасап , «Біз бірге оқимыз» акция аясында келіп жатқан жаңа кітаптарға шолу жасалды.
Осындай рухани-әлеуметтік кеңістік құру арқылы жасөспірімдер арасындағы нашақорлықты және т.б. рухани дерттерді жойып, саналы ұрпақ тәрбиелеп бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет. Олай болса біздің бүгінгі басқосудың мақсаты — жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*