Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Өткен түнде Шымкент пен Сарыөзекте орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері оқу — жаттығу дабылын қағып, жауынгерлік даярлыққа келтірілді, Бұл жөнінде қалалық «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығын қауырт тексеру шеңберінде өткізілуде.
Бөлім командирлері Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпыәскери полигонына бағынысты бөлімшелерді жіберуге жауынгерлік тапсырма алды. Әскери қызметшілер әскери машиналарда белгіленген ауданға бірнеше жүз километр марш жасады.
Ауыр шынжыр табанды бронды техника теміржол көлігімен және көлік тартқыштармен тасымалданады. Белгіленген ауданға келгеннен кейін бөлімшелер жабдықталып, одан әрі іс-қимыл жасауға әзірленіп, қорғаныс позицияларына орналасады, — делінген хабарламада.
Бұдан әрі қарай әскерлердің іс-қимыл жоспарына сәйкес белгіленген ауданға келген кезде инженерлік құралдарын құрып, бекіністерді бүркемелеу және одан әрі тиісті оқу — жауынгерлік міндеттерді атқаруға әзірлік бойынша іс-шаралар атқарулары қажет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*