Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістандық полицейлер алаяқтық қылмысының 3 жайтына қатысы бар әйелді анықтады

Түркістандық полицейлер алаяқтық қылмысының 3 жайтына қатысы бар әйелді анықтады

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны таныс емес әйел алдап кеткен. Яғни алаяқ мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз 5 миллион ақшаны шығарып беретінін айтып сендірген.
Осы қызметі үшін жәбірленушіден 1 100 000 теңге ақша алған. Алайда арадан 2 жылдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы әр сылтауды бір айтып уақытты создырып келген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні анықтау үшін тәжірибелі кентаулық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті әйел анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы 2 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 миллион теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Ең бастысы күмәнді қызмет ұсынатын адамдардан сақ болыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*