Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келес аудандық Қоғамдық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссия төрағасы, мүшелерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бағытында өтетін 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сай аудандағы бірқатар мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру масатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамада» әлеуметтік дертпен күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылған. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында 2022 жылдың 14 қазанда Келес аудандық Қоғамдық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясымен «Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мекемедегі қызметкерлер арасында Тұжырымдама бойынша және комиссияның негізгі атқаратын жұмыстарының басым бағыттары, заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершіліктің қатаңдатылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын ескеріп, мекеме қызметкерлеріне заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылып, тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі жөнінде түсіндірілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*