Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларын азайту үшін Түркістан облысының полицейлері жылдың қай мезгілінде болмасын қызмет атқаруда. Осынау тәулік бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде, жыл басынан бері 439 524 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде көлік құралын мас халде басқарудың 760 жайты, ал жылдамдықты шамадан тыс асырудың 211 мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 32 134 жайты анықталды. Сондай-ақ талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғалары үй жануарларының қатысуымен де орын алуда. Себебі, мал жолға шығып, жүргізушілерге кедергі келтіреді, салдарынан оқыс оқиға орын алады. Мәселен Түркістан облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған. Бүгінгі таңда малдың қатысуымен болатын жол апатының алдын алу мақсатында, облыс бойынша жедел шаралар атқарылуда.
Сонымен қатар жол апаттарының алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын бейнебақылау камераларының саны артуда. Ал «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы бойынша айыптұраққа автокөлік 1132 қойылған. Жалған нөмір таққан 21 автокөлік, көлік басқаруға құқығы жоқ 104 ер адам анықталды.