Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түркістанда үйдің кезегін жылжытып беремін деген алаяқ анықталды

Түркістанда үйдің кезегін жылжытып беремін деген алаяқ анықталды

Кентау полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оған сырттай танысы мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтқан. Бұл қызметі үшін 450 мың теңге ақшасын алып, 1 жылдай алдап келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдікті әйелді табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, алаяқтық жайтына қатысы бар жұмыссыз жергілікті тұрғын әйелді анықтады.
Белгілі болғандай күдікті әйел өз арам ойын іске асыру үшін танысына үйдің кезегін жылжытып беремін деген жалған уәдеге сендіріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 1 жыл бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Сонымен қатар күдікті әйел мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып бере алатынын айтып 2 танысын қоса алдаған.
Сезікті оларға мемлекеттен берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтып, әрқайсысынан 25 мың теңгеден ақша алған. Бүгінде күдікті әйелге қатысты тергеу жүргізілуде.
Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*