Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды

Шетел азаматын ұрып-соғып жеке куәлігін тартып алған жас жігіт ұсталды

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда шетел азаматын белгісіз біреу ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алғаны көрсетілген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді.
Сарыағаштық тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бұрын сотты болған күдікті жергілікті тұрғын ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт Өзбекстан азаматынан шекарадан өткізіп беру үшін ақша талап еткен. Алайда шетел азаматы оған қарсылық білдірген. Сол сәтте екеуі сөзге келіп, сезікті жәбірленшінің жеке куәлігін алып, оны соққыға жыққан. Содан жәбірленушіге дене жарақатын салған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*