Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шардара ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталуда

Шардара ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталуда

Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17 күндері аралығында Шардара ауданы аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Нақтырақ айтсақ, шардаралық полицейлер аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарын тексеріп шықты. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 10 құқық бұзушылықты анықтап, оларға қатысты құжаттарды сотқа жолдады.
Жалпы іс-шараның мақсаты — облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*