Cарыағаш аудандық полиция бөліміне шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Кольт» атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді.
Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдікті азаматтың күртешесінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «марихуана» есірткісі екені расталды.
Ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені анықталды. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.