Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған сиырларын тауып беріп алғыс арқалады

Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған сиырларын тауып беріп алғыс арқалады

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, ауыл маңындағы мал жайылымнан 3 бас сиыры түнгі уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін жеткізген. Жоғалған сиырларын табу үшін мал иесі, полицейлерден көмек сұрады.
Аталған ақпаратты алысымен отырарлық тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Осы аймақты жетік білетін полицейлер, айналаны толық шолып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Нәтижесінде, жоғалған сиырлар 25 шақырым жердегі егістік алқаптан табылды.
Осы орайда малдарының аман-есен табылғанына қуанған мал егесі полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді: «Мен Құрбанова Сәрсенкүл Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғынымын. Осыдан екі апта бұрын 3 бас сиырымнан айырылып учаскелік испектор Жасұлан Пірімжанов сол жоғалған сиырларымды тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет!».

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*