Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жаяу жүргінші жолымен қашқан мас жүргізуші ұсталды

Жаяу жүргінші жолымен қашқан мас жүргізуші ұсталды

Кентау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде «Huyndai» маркалы автокөлік полицейлерге күмән тудырды. Оны тоқтату барысында автокөлік жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетіп жаяу жүргінші жолымен қаша жөнеледі. Нәтижесінде қырағы полицейлер көлік иесін көп қабатты үйлердің арасынан қысып тоқтатады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары «Huyndai» жүргізушісі көлікті мас күйінде басқаруы мүмкін деген тұжырымға келді.
Оған медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, іс құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін сотқа жолдады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*