Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Түлкібас аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың келісімімен және Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Алмас Сұлтанұлы Серікбаев тағайындалды.
Жаңа басшыны Түлкібас АПБ-нің жеке құрамына ТО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Алмас Серікбаев ішкі істер органындағы қызметін 2008 жылы учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастаған. Алматы, Шымкент қалалары, Арыс және Сарыағаш аудандарында жедел-іздестіру саласында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Соңғы лауазымы — Сарыағаш АПБ бастығының бірінші орынбасары.
Еңбек жолында ҚР ІІМ медальдары, грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Полиция департаментіндегі жоғары ұйымдастырушылық және басқарушылық қасиеттері бар тәжірибелі маман.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*