Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Саурандық сақшы оқушы қыздармен сырласып, қорғау нұсқамасына алынған отбасылардың жай-күйін білді

Саурандық сақшы оқушы қыздармен сырласып, қорғау нұсқамасына алынған отбасылардың жай-күйін білді

Сауран аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Мадина Баймаханның ұйымдастыруымен «Қызыл әскер» мектебінде келелі кездесу өткізілді. Іс-шараға полицеймен бірге психолог мамандар қатысып, мектеп оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Әсіресе қыз баласының тәрбиесі жөнінде, сондай-ақ отбасы жайында қозғалып, құнды ақпараттар айтылды. Оқушыларға отбасындағы, қоғам алдындағы жуапкершіліктері, сондай ақ заңға қайшы әрекетке бармаулары бойынша да ақыл-кеңес айтылды. «Қыз баланың міндеті мен тәрбиесі» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Және психолог мамандары кері байланыс жасап, сұрақ қою арқылы қатысушы қыздарымыздың ойларын тыңдап, сырласу сәті өткізілді.
Сонымен қатар полиция аға лейтенанты М.Баймахан, басқа да оқу орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Одан бөлек профилактикалық бақылау есебіне алынған, қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралап шықты. Олардың жұбайларымен тиісті деңгейде сұхбаттар жүргізді. 102-ге түскен хабарламалар бойынша азаматшалардың тұрғылықты мекенжайына бекітілген учаскелік полиция инспекторларымен бірге барды.Қажеттілерін қорғау нұсқамасына алып, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*