Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » “Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері” атты акция ұйымдастырылды

“Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері” атты акция ұйымдастырылды

Отбасындағы зорлық-зомбылық ең алдымен ана мен балаға әсер етері анық. Яғни жанұясында түрлі зорлықты ұрып-соғу, жанжалды көріп өскен баланың санасы уланары сөзсіз. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары түрлі кездесулер, тұрғындар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен Келес аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары тұрғындармен кездесіп, тақырыпқа қатысты брошюралар таратты.
Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы болғандықтан, кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап беретіндігін ескертеді.
Сондықтан егер де, сіз, отбасында қысымға немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз, міндетті түрде полицияға барып шағымданыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*