Сайрамдық полицейлер «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбында ауқымды шара өткізді. Яғни, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Абдухамит Абибуллаев, көпсалалы колледж ғимаратында мұғалімдер мен 9-10-11 сыныптың 150-ге жуық оқушыларын қатыстыра отырып, кездесу өткізді.
Кездесуде полиция қызметкеріне студенттер арасынан қызды алып қашқан адамға қандай жаза қолданатыны бойынша сұрақ қойылды. Полиция лейтенанты Абдухамит Абибуллаев жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, құқықбұзушылық, ертежүктілік, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мәселелерінде айтып өтті. Отбасындағы зорлық-зомбылық деректерін анықтау мақсатында, сауалнамалар жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық емхананың дәрігерлері оқушыларға ертежүкітліктің басы зорлық-зомбылықтан басталатынын, тіпті кей жағдайда оның соңы суйцидпен бітетінін айтып, оның алдын алу, болдырмау мақсатында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары