Төлеби аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Ақмарал Амантайқызы Боташева «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын орындарға барып, тұрғындармен сөйлесіп, түсіндіріп брошюралар таратты.
Төлебилік полицейлер күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тұрғындардың сұрақтарына тұщымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Сондықтан егер, сіз, отбасында зорлық-зомбылық көрсеңіз немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары